«Қасымтану» ғылыми-зерттеу орталығы өз жұмысын бастайды

2021 жылдың қаңтарынан академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінде Басқарма Төрағасы – Ректоры Н.О.Дулатбековтың бастамасымен Қасымтану ғылыми-зерттеу орталығы өз жұмысын бастайды. Жетекшісі – ф.ғ.д., профессор Ж.Ж.Жарылғапов. Бұл дауылпаз, жерлес ақынымыздың алда келе жатқан 110 жылдық мерейтойына арналып отыр. Орталықта «Қасымтану мәселелері» атты ғылыми-зерттеу жинағы, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіш, «Қасымтану сөздігі», «Қасым» энциклопедиясы кезең-кезеңімен шығатын болады. Осының нәтижесінде алдағы уақытта факультете Қасымтану арнайы курсы оқытылады. Бұл игі бастама – қазақ поэзиясының шыңы болған дауылпаз ақынға деген құрметтің белгісі.