Еркебұлан МЕЙРАНБЕКҰЛЫ «Қасым ақынға арнау»

Мейранбекұлы Еркебұлан,Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.  Филология факультеті журналистика бөлімінің 1 курс студенті. Жастайынан әдебиет пен өлеңге қызығып,  өлеңдер жаттап,  түрлі дәрежедегі сайыстарға қатысып жүлделі орындар алып жүр. Өлең жаттап қана қоймай, ақындық өнерін де көрсетіп жүрген жас талант. Түрлі тақырыптарда  жазылған 30-ға жуық өлеңдердің авторы. Қалалық деңгейдегі жыр-мүшәйраларында бақ сынап жүр.
Қасым ақынға арнау
Қасым Лирик, Қасым əн, Қасым ақын,
Поэзияға əрдайым болған жақын.
Батыл ойлы, шешенде, терең сырлы
Жан туралы жазбауға барма хақым?!
Балғын күннен, балдаурен балалық шақтан,
Қиын күннің зардабын оңбай тартқан. Тағдырдың тауқыметін көрседағы,
Аша білген өнерін тұнып жатқан.
Еш беріспей түр түрлі қиындыққа,
Зор үмітпен қараған болашаққа.
Қанды қырғын, қып кызыл өрттедағы Қасарысып, қарсы тұрған таршылыққа.​
Əн мен өлең өмірдің бір бөлшегі,
Сенің барма Ақындығыңның өлшемі. Поэзияның тоғысқан торабында,
Қасым патша, Қасым хан, Қасым сері!​
**************************************************************
Менің пірім — Ұлы Абай
Абай дана, қазақта Абай дара,
Əрбір сөзі қуатты, жанға дауа.
Ұлы Абайды ұлықтап өлеңдеттім
Қатты сынға алмассың, байқап қара.
Егіз ұғым Абай мен өлең деген,
Əр жырының астары, мəні терең.
Сол жырлардың арқасында дəл қазір мен
Ақындықтың жолымен тура келем.
Біздер үшін үлгі болған қара сөзің,
Əуендерің сыйлаған не бір сезім.
О, Ұлы Абай сен менің пірімсің ғой,
Ұлы сөздің патшасы тек бір өзің.
 „Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”
Деп жырлаған Абайдай барма ақын?!
 Жастарды іздеді ғой заманында,
Сөзінің іші күміс, сырты алтын!
Бар асылы, жазғаны сөз маржаны
Қалдырды ғой артына сан мұраны.
О, Ұлы Абай, сен менің пірімсің ғой
Əрқашан мен өзіңе бас ұрамын!