АЛАМАНДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС АРҒЫМАҚ

Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогика университетінде студенттер арасында «Менің пірім — Сүйінбай» атты Республикалық ақындар айтысы өтті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына аясында өткізілген айтысқа еліміздің әр аймағынан келген 50 жас ақын қатысып, филология факультеті «журналистика» мамандығының 4-курс студенті Бекболат Еркеғали 3-орын иеленді. Сөз жүйріктері бәсекесінің қорытындысы бойынша «журналистика» мамандығының 4-курс студенті Бақытұлы Жандос «Салауат Исақаев атындағы арнайы жүлдені» иеленді. Жас ақындар ұлттың ұстазы атанған ағартушы, ғалым, ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, ұлт мүддесі үшін жасаған ұлы істерін жырға қосты. Ахаңның 150 жылдық мерейтойы одан әрі ел көлеміндегі ірі іс-шаралармен жалғаспақ. Қос ақынды жеңістерімен құттықтай отырып, үлкен аламандарда бәйгелі болсын деген тілек білдіреміз!