Данагүл Жекебай «АРМАН»
Данагүл Жекебай
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті.
Жан едім арманы айқын, мақсат бекем,
Жан емін жазып жүрген өлеңге айшық.
Жерімнің ғажап атын асқақты етем,
Елімнің ғаламатын әлемге айтып.
Мен едім бейбіт күнде елім деген,
Келерін қарсы алатын сенімменен.
Аларын болашақтан айқын көріп,
Ғажабын жыр қылудан ерінбеген.
Таңдарын ерек еткен даралығы,
Арманын айтсын енді дала қызы.
Алтынның бағасынан қымбат маған,
Халқымның бола алсам дара қызы.
Азатпын деп айтатын аңсар әнім,
Қазақпын деп әлемге жар саламын.
Ғажабыңды ғаламға мәшһүр етіп,
Қазағымды таныту аңсағаным.
Ғасырда түрлі адасу жатқанда үдеп,
Жүр едім саликалы шақтарды іздеп.
Мен үшін әке ізі болу парыз,
Ал, анамның ақ үмітін, ақтау міндет !