15 жастағы қызды 40 адам жабылып зорлаған

Тайландта жергілікті банда мүшелері 15 жастағы қызды ұрлап кетіп, сегіз ай бойы зорлық-зомбылық көрсеткен. Зорлаушылардың ұзын саны 40 адамға жеткен екен. Олар жасөспірім қызды 100 адам ғана тұратын аралда қамап ұстаған.

Қыз баланың айтуынша, бәрі өткен жылы басталған екен. Ата-анасы жұмысқа кеткен кезде оның үйіне белгісіз адам басып кіріп, зорлап тастайды. Қатты қорқып қалған қыз бұл туралы ешкімге тіс жарып айта алмаған. Дәніккен қылмыскер кейін оны достарымен бірге зорлай бастаған. Артынша аралға алып кетіп, есірткі салып топ болып зорлық жасаған.

Полицияның дерегінше, аралда небәрі 100 адам ғана тұрады екен. Олардың дені ер адамдар. Арал тұрғындары қыз балаға көмектесудің орнына қылмыскерлерге қосылып, оған зорлық-зомбылық жасап келген. 

Қазір қылмыскерлердің ішіне 11 адам ұсталды. Өзгелерге іздеу жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.