АБАЙҒА АРНАУ

31 октября 2020

 

Айбек САЛДАТБЕК

Е.А.Бөкетов  атындағы Қарағанды Университеті, журналистика мамандығының 2 курс студенті

 

 

 

Қазағымның бас ақыны — ұлы Абай данамыз,

Ұрпағына артындағы қалдырған сан даналы із.

Ұлы ақынға той жасауда жүз жетпіс бес жылы деп,

Дүркіретіп өткізерміз келгенінше шамамыз.

 

Абай ата әрбір сөзің — ұрпағыңа аманат,

Әр өлеңің мың адамның ғұмырына жарамақ.

Сені еске алып күллі әлем жасамақшы ұлы той,

Атың өлмей тірі жүрсің “шіркін неткен ғаламат!”

 

Ірі тұлға,бар Алаштың бет-бейнесі болатын,

Қара сөздің құдіретін ұғындырған ол ақын.

Абай ата сен қалдырған әрбір мұраң бүгінде

Жер жүзіне таралуда, кеңге жайып қанатын.

 

Қазақ десе ең әуелі Абай еске түседі,

Ғұмырында қазақ үшін еңбек еткен кісі еді.

Ұлы ойшылдың жүз жетпіс бес жылы міне тойланып,

Қуанғаннан жетпей-ақ тұр төбем көкке үш елі.

 

Қара сөзің қалды бізге көзіндей боп көненің,

Әрбір адам табар одан іздегенін,керегін,

Талай заман өтседағы,түрлі ойшыл тусада,

Абай туған сол бір ғасыр “алтын ғасыр” дер едім.

 

Өлеңдерің әлі күнге жоғалтпады өз құнын,

Әр өлеңің қандырады оқығанда көз нұрын.

Адам туар, Абай тумас қанша кезең өтсе де,

Абай ата дәл өзіңдей жаза алады сөзді кім?

 

Тар қоғамда қара қазақ қайғыменен күн кешкен,

Өмір сүріп жатқан еді тілін,дінін білместен.

Қазағымның шырағы боп жол сілтеген көгінен

Абай еді сол кезеңде ақиқатпен тілдескен.

 

Қазақ бүгін азат болып,тәуелсіздік алсада,

Түйіні көп шешілмеген мәселелер қаншама.

Абай кеше заманында қозғап кеткен мәселе

Өзектігін жоймады әлі ширек ғасыр болса да.

 

Елдің көзін ашу үшін ғұмыр кешкен ұлы адам,

Қара көзін қазағына қалқан етіп құраған.

Жастайынан араласып күрмеуі көп дауларға,

Ақиқаттың уын ішіп, арамдарды сынаған.

 

Абай ата болашақ пен бүгінгіні дөп басып,

Шындықты айтты,сахарада жау тұрса да топтасып.

Сұм Советке қарсылығын түсіріп ақ қағазға

Жасқанбады, біле тұра кететінін оққа ұшып.

 

Өнерімен бар қазаққа аты шыққан Абайды,

Әр ұрпағы есіне алып, ‘‘ұлы адам’’ деп санайды.

Тек қазақтың баласы емес, шын мәніне келгенде

Күллі әлем бұл кісіге тамсанумен қарайды.

 

Адамдықтың шын белгісі-ақылымен өлшенер,

Адам еді пір тұтарлық,әр сөзіне ел сенер.

Міне осындай аңыздарды барша қазақ бағалап

Арман барма бір қалаға ‘‘Абай’’ атын берсе егер.

 

Ұлы Абайды білу керек кәрі менен бүлдіршін,

Жырласаңда жетпейді екен бір ай тіпті бір жыл шын.

Барша әлем мойындаған ұлылығын ұлы адам

Бар қазақты бір Құдайым ұлы Абайдай қылдырсын.


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика