Адамзатты болашақта не күтіп тұр?

Бір нәрсе айқын: адам баласы өсіп, эволюциялық жолмен барған сайын дамып келеді. Өркениет көшінің озық технологиямен өркендегені соншалықты, қазір «адамзатты болашақта қандай даму күтіп тұр?» деген сауалға ойлана бастадық. Ақиқатына келсек, осыдан бір ғасыр бұрын айтылған көптеген болжамдардың орындалып жатқанына да қазір куә болып жүрміз. Бір ғана мысал…

1900 жылы Ladies Home Journal журналына америкалық ғалым, инженер Джон Уоткинстің «100 жылдан кейін бізді не күтіп тұр?» атты мақаласы шығады. Мұнда көріпкел «2000 жылдары жер бетінде шыбын мен маса қалмайды, ағылшын тіліндегі C, X, Q әріптері қолданыстан шығады. Орыс тілі әлем халқы сөйлейтін халықара­-лық тілге айналады» деген. Алайда мұның бірі де орындалған жоқ. Кей­де болжам жасаушылардың пі­кірі шындыққа жанаспағанымен, уақыт өте келе орындалып жата­тыны да бар. Мысалы, сол Джон Уоткинс «бір ғасырдан кейін түрлі түсті суреттер пайда болады» деп айт­­қанымен, жиырмасыншы ға­сыр­да өндіріске компьютер енгізі­летініне өзі сенбей кеткен. Ол түрлі түсті суретті телеграф арқылы жі­беруге болатынын айтқан. Қазіргі уақытта оның жорамалдарының бір­сыпырасының жүзеге асқанын байқауға да болады. Уоткинс ұялы телефонның үлкен жаңалыққа айна­латынын дұрыс болжаған. «Кез келген ер адам Атлант мұхитында кемемен жүзіп бара жатып, Чика­года ұйықтайтын бөлмесінде жат­қан әйелімен емін-еркін сөйле­се­тін уақыт келеді» деген. «Гүрілдеген дауысы, ауыр шынжыр табаны бар техникалар өндірістен шығып, одан оқ атып, ғимараттарды құлатуға болады» деген ағылшын көріп­ке­лінің болжамына да шындыққа айнал­ды. Мұндағы шынжыр таба­ныңыз, ол енді – танк.
Ол өзінің журналда жазған ма­қаласында «әлемнің кез келген бұ­рышында түсірген фотоңды тиісті жерге жіберетін кез туады. Егер 100 жылдан кейін Қытайда соғыс бола қалса, ондағы суреттерді те­леграф арқылы жіберіп, Америкада шығып жатқан газетке бір сағаттың ішінде жариялауға мүмкіндік туа­ды» деп жазған. Расында, 1900 жыл­дары әлемде сымсыз телефон тү­-гілі, халықаралық байланыс жүйесі де болған жоқ. Бұл ғана емес, ағыл­шын инженерінің тағы бір айтқан сөзі де назар аударарлық. «Адам баласы әлемде болып жатқан оқи­ғаларға құлақ түріп, оны көзбен көре алады. Оқиға орнындағы адамдардың бейнесі мен әртүрлі жағдайлар және тосын құбы­лыс­тарды тіпті мыңдаған шақырым қашықтықта болса да, электр сым­дары арқылы үйде отырып, экран­нан көруге болады. Театрға немесе мәдени көпшілік орынға барудың қажеті шамалы, опералық әндерді де үйден тамашалайтын кез туады». Джон Уоткинстің мұндағы айтып отырғаны не? Ол – телевизия мен радио. Қазіргі уақытта тікелей эфир арқылы әлемдегі оқиғалар теле­эк­ран­нан көрініп, радио-телеарнадан опералық әндерді тыңдап отырған жоқпыз ба? Ағылшын көріпкелінің тағы бір болжамы назар аударуға тұ­рарлық: «100 жылдан кейін қыс мей­лі, жаз болсын, бөлменің бұ­рышына орнатылып қойған шағын құрылғы арқылы нүктені басып, тем­ператураны реттеп отыруға бо­лады. Реттегіш нүкте арқылы жылы ауа үйді жылытады немесе кері нүктені басып суытуға болады». Уоткинс мұның қандай құрылғы болатынына көзін жеткізе алмаған. Бірақ мұның кондиционер екенін бірден-ақ бағамдауға болады. «Болашақта бір аспаптан шығатын әртүрлі сазды әуендер жұртшы­лықтың көңіл күйін көтереді» де­-ген болжамы да мұның синтезатор екенін ұқтырып тұрғандай. Алайда ағылшын инженерінің айтқан пікір­лерінің барлығы да ақиқатқа сай келеді деуге болмайды. Ол
«100 жылдан кейін АҚШ-та шама­мен 500 миллион адам тұрады» деген. 2016 жылғы санақтың нә­тижесіне көз жүгіртсек, АҚШ-та 323,1 миллиондай адам тұрып жа­тыр. Цифрдан қателескен көріпкел алайда болашақта жолаушыларды таситын өте жылдам жүретін пойыз­дардың өндірістен шыға­ты­нын дәл айтқан. «Сағатына 150 миль қашықтықты (260 шақырым шамасы) алатын экспресс-пойыз­дар адам баласының игілігіне қыз­мет етеді» деген. Енді бір ғасыр бұрын айтылған болжамды қазір көз көріп отыр. Әрине, сол дәуірде өмір сүрген адамдар үшін бұл еш­қашан орындалмайтын фантас­ти­калық арман немесе елес болып көрінуі мүмкін. Алайда барлығы да ақиқатқа айналды. Қазір адам баласы Джон Уоткинстің 100 жыл бұрын айтқан болжамдарының игілігін көріп отыр.
Бір ғасырдан кейін бізді не кү­-тіп тұр? Оны болжай алдық па?
ХХI ғасырдың көріпкелдері не дей­ді? 2050–3000 жылдары адамзат өркениеттің қай шыңына жетеді? Дамуымыз қандай әлеуметтік-экономикалық деңгейге барады? Әлемнің географиялық саяси кар­тасында қандай өзгерістер бола­ды? Көптеген футурологтардың болжамынша, болашақта әлемде ағылшын, испан және қытай тілі басымдық рөлін атқарады. Негізі, ғаламның басым көпшілігі осы үш тілде сөйлейтін болады. Қалған тіл­дерде даму байқалмайды, кейбір тілдер тіпті өліп, жоғалып кетуі де мүмкін. Дүниежүзі халықаралық тіл ретінде осы аталған үш тілде пай­даланғанымен, ағылшын маманы Пирсон болашақта әлемде ұлттық тілде сөйлейтін мемлекеттер кө­бейеді деген пікірде. Соған қара­ғанда, көптеген ұсақ елдер тағы да тәуелсіздігін алуы мүмкін. ХХ ға­сыр­дың тоқсаныншы жылдары­-ның басында Кеңес Одағының құ­рамында болған автономиялық мемлекеттер тәуелсіздігін алған жоқ па?! Болашақта тағы да тәуел­сіздік үшін күрескен саяси оқиға­-лар орын алуы ғажап емес. Қазір мүмкін еместей болып көрінуі мүм­кін, бірақ кейбір «саяси жауырын­шылар» «болашақта АҚШ-тың өзі бірнеше мемлекетке ыдырауы ық­ти­мал» деген жорамал айтып жа­тыр. Мысалы, «АҚШ-тың құрамы­нан Калифорния мен Техас енші­-сін алады» деген болжам бар. Әри­не, бұл ақиқатқа сай келмейтін пі­кір делінгенімен, қазірдің өзінде Америкадағы бай штаттар, кедей штаттарды асырап отырғаны – шын­дық. Футурологтар сонымен қатар «алдағы 100 жылда жиырма­дан астам мемлекетті біріктіріп отырған Еуроодақ қайтадан ыды­рап, әрқайсысы өзінше дербес өмір сүруге көшетінін» айтады. Ресей мен Қытайдың да жағдайы мәз болмайды. Бұл елдерде де тұрақ­сыздық орнап, бірнеше шағын автоно­мия­лық елдер тәуел­сіз­дігін ала­ды. Ра­сын­да да, қазіргі қалып­тасқан не­месе шиеле­нісіп тұр­ған халықара­лық жағ­дайға қарап, тү­бінде әлемдік кар­тада үлкен саяси өзге­ріс­тер бо­ла­тынын жоққа шы­­ғара алмайсың.
Мысалы, ғалым Пирсон «XXI ға­сырдың соңында әр елдің ұлттық валюталары жойылып, оның орнына әлемдік бірыңғай валюта нарықта жұмыс істейтін болады» дегенді айтады. Расында, қазіргі кезде әлемге үстемдік құр­-ған доллардың қуатын азайтып, оған бәсекелес бола алатын балама валюта шығару жөнінде пікірталас болып келе жатқаны көпшілікке мәлім. «Қазірдің өзінде күнделікті валютамен қатар қолданатын электронды ақшалар пайда бола бастады, – дейді Пирсон. – Бұл тенденция одан ары қарай жал­ға­сады. Ғасыр аяғында нарықта ға­ламдық электрондық валюта ғана қалады, сонымен қатар аймақтық жеке тұлғаларға арналған ақша өмір сүруі мүмкін». Қазіргі нарыққа келе бастаған күмәнді крипвалюталар да Пирсон айтқан болжамның өмірге ене бастаған көрінісі емес пе екен? Қалай десек те, футурологтар есеп айырысудың жаңа төлемақылық жүйесі барған сайын көбейе түсе­тінін жоққа шығармайды.


Тағы бір ағылшын ғалымы Патрик Такер XXI ғасырдың аяғы­-на таман генетика саласында үлкен өзгерістер болатынын айтып отыр. Заманауи медицина осы уақытқа дейін емі табылмай келген ауру­лардың шипасын табады. Әрине, адамзаттың ақыл-ойы озық. Талай сырқаттың емі табылатынына да біздің күмәніміз жоқ. «Бірақ адам­ның миының жұмыс істеуі келе­шекте компьютермен тікелей тығыз байланысты болады» дегенге сіз се­нер ме едіңіз? Бұған футуролог­-тар «алда терминаторлар дәуірі келе жатыр» деген пікірмен жауап қа­-туға тырысады. Адам темір емес, бәрібір оның ағзасы, миы шар­шайды. «Сондықтан болашақта адамның миына чип орнатылады. Тіпті бұл жүйе 2050 жылдары жү­-зеге асуы мүмкін. 2075 жылға қарай өркениетті елдерде тұратын халық­тың көпшілігінде осындай чип бо­лады. Адамның ми жүйесі шарша­ған сәтте нерв клеткалары ком­пьютер арқылы қуаттандырылып отырады». Бұл болжам бізге адам сенгісіз жаңалық болып көрінуі мүмкін. Десек те, қазір УЗИ және басқа да томографиялық аппарат­тар сырқаттың анықтамасын нақ­тылап беріп отырған жоқ па? Демек, осы ғасырдың аяғында адамның миы компьютер арқылы зарядта­лып жатса, мұны өркениеттің озық әдісінің бірі деп пайымдауға бо­ла­ды. Расында да, қазір адам баласы эволюциялық дамудың ең жоғары деңгейіне жетті дегенмен, әлі талай таңғаларлық оқиғалар орын ала­ты­ны сөзсіз. Мысалы, осыдан 50 жыл бұрын сау адамның мүшесін өз ық­тияры бойынша екінші сырқатқа ауыстырып салу туралы болжамдар ғана айтылатын. Қазір ше, транс­план­тациялық тәсіл Қазақстанда
да дамып келеді. Белгілі ғалым Стивен Хокинг көп жылдардан «бері адам ағзасын кибер­нети­за­циялау» туралы мәселе көтеріп жүр. Оның ішінде «сырқаттың жүйке тамырларын қуаттандыру немесе адамның интеллектуалдық мүм­кін­дігін компьютер арқылы арттыру және ағзаның кейбір мүшесінің орнына тозбайтын темір бөл­шек­терін салу» әдістері бар. Алғашында бұл жоба ақылсыздың ісі болып көрінуі де ықтимал. Бірақ қазіргі таңда осыған қатысты әлемде кө­лемді зерттеу жұмыстары жүргі­зі­луде. Тіпті АҚШ-та НейроНет деген атпен үлкен жоба жүзеге асқалы жатыр. Бұл жобаны қолға алғандар адам мен компьютер ара­сындағы байланыстың жемісті нә­тиже беретініне қазірден сенімді. «Аталған технология адамдардың ақыл-ойын арттырып, ғаламда био­техникалық революциялық даму­дың дәуірі келгенін паш етеді. Ней­роНет – адам-машинаның интел­лектісін көрсетеді. «Компью­тер –басты адам» шаршамайды. Есте сақтау қабілеті мықты, ақпа­рат­тар­ды шексіз қабылдай береді. Оның миы кез келген түйінді мәселелерді қиналмай шеше алады» дейді олар. Бірақ ол қаншалықты тірі адам, оның ойлау деңгейі жасанды ин­теллект болып шықпай ма? Десек те, қазірдің өзінде адам баласын техника, яғни роботтар нарықтан, өндірістен ығыстырып шығара бастады. Тіпті Жапония мен Оң­түстік Кореядағы ірі компания­лардың өндірісінде адамның ор­нына, роботтар жұмыс істейді. Олар күнделікті өмірде қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға кө­мектеседі. Балаларды оқытады. Тіп­ті сәбиі жоқ жандардың бала­сына айналып жатқан роботтар да бар. Өйткені роботтар адаммен сөйлеседі, кез келген сауалыңа тиянақты түрде, сабырлы қалпымен жауап береді, тіпті ақыл-кеңес ай­татын роботтар да бар. Әрине, біз өркениеттің өте жоғары деңгейде жылдам дамып келе жатқанын мо­йындаймыз. Жақында Біріккен Араб Әмірліктерінің королі Софи деген аты бар роботқа елдің аза­маттығын берді. Демек, болашақта роботтар адамға айналуы да мүмкін. Алайда профессор Оливер Шарп «қаншама ірі жетістікке жетсек те, мұндай технологиялық дүмпудің орасан зор қатері барын» айтады. Өйткені адамдар бір-бірінен сөй­лесуін азайтады. Қарым-қатынас төмендейді. Отбасын құрмайтындар көбейеді. Қалай айтқанда да, таяу келешекте әлемдік өндіріс пен эко­номиканы роботтар билейтін бо­лады. Мұның салдары да өте ауыр. Өйткені жұмыс орындары қыс­қа­рады, тіпті мамандықтар да азаюы мүмкін.
Әрине, әлем дамиды, өркениет өзгереді. Бірақ өсіп-өркендеудің қай сатысына жетсек те, адам бала­сына қауіп-қатердің салдары бол­майтын эволюциялық даму жолы­мен жүргеніміз дұрыс.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

«Айқын» газетінен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.