Ақбота Сейітмағамбет жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

«Кешью» тобының  әншісі Ақбота Сейітмағамбет пен белгілі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов шаңырақ көтерді. Жұлдызды жұптың бұл махаббаты әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, сынға қалған болатын. Желдей ескен желідегі сөз әншінің шамына тисе керек. Ол бұдан былай өзінің жеке өміріне қатысты жағымсыз пікір жазғандарды сот арқылы жазаға тартпақ. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Құрметті тыңдармандарым және менің жеке өміріме араласуға құқылымын деп ойлайтындар!!!

Мен бұдан былай өзіме қатысты айтылған барлық жағымсыз пікірлерді тіркеп (скриншот жасап) отыратындығымды ресми түрде мәлімдеймін. Заңгерлер ол пікірлерді қарастырып, сол бойынша сотқа шағым түсіреміз. Сіздер тек менің шығармашылығым туралы ғана пікір жазып, өз ойларыңызбек бөлісуге ғана құқылысыздар», — деп жазды әнші.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.