Бағдат МҮБӘРӘК. ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАРҒА

Жаназасыз жан тапсырған жаһаннан,

Ода жазу обал саған қаһарман.

Қалғып жүріп бір ескерткіш орнаттық,

Қанның исі аңқып тұрған шаһардан.

 

Шыңырауда шырылдаған шындығым,

Құлақ кесті құлдай сені қылды кім?

Түініксіз естеліктер оқимын,

Негізі олар…

Немесе мен жындымын.

 

Қиял кезіп, қуып жүрген түз де елес,

Қабырғалы қазақ ерін іздемес.

Өренім-ау, өкінбейсің өмірі,

Батыр болсаң басқа ұлтқа бол, бізге емес.

 

Екі қоғам көргендерді тауыспай,

Ақиқат жоқ екі буын ауыспай.

Есімдерің есіл ерлер дұғамда,

Тағы қанша жыл жүреміз қауышпай?

 

Көз алдында қызыл-жоса қан далам,

Құлын мүше қыршындарды жалмаған.

Жанартау боп сонда атылып кетпеген,

Алатаудың жүрегіне таңқалам!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.