Данияр Тәңірбергенов: «Ақынға мін қоя берме жарқыным»

Тәңірбергенов Данияр 1998 жылы 29 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарашалаң ауылында дүниеге келген. Өлеңдері облыстық, республикалық газет-журналдарда жарияланған. Аудандық, облыстық жыр-мүшәйраларының жүлдегері.

 

 

 

 

 

 

Қызға хат

Жүрегіме қыс келіп ерте менің,
Құшағымда жәй ғана еркеледің.
Көз алды мнан елес күн зулап жатыр,
Күлемін де, тағы іштей өртенемін.

Өзіңменен өтті ғой көп күндерім,
Сенсіз жаным жырақта жоқ күлгенім.
Бүгін сені қия алмай тұр жүрегім,
Елестетіп өзіңсіз жоқ күндерін.

Өтті күндер жүректе қараңғылық,
Күтіп жүрмін білмеймін шамамды ұғып.
Соңғы күні келем деп сол бір күні,
Айтып едің ,сөзің тұр санамда ұлып.

Сағынамын жартымды, əлемімді,
Қыпша белді, қызарған бал ерінді.
Көп күттірмей жауапты жазып жүрші,
Алып жатсаң жіберген сəлемімді.

Сенде есім, аруым ақтамақты,
Ел демесін хатымды сақтамапты.
Сағынышым алып ұшып оралсаңшы,
Аққу құсқа айналып ақ қанатты.

Релстер жеткізбей қор боламын,
Кім біліпті мұңымның мол боларын.
Сағынышым келмей-ақ күткін мені,
Саған қарай бұрылды жол торабым.

Керім жыр

Жұлдыз аққан түндерден іздеп едім,
Жылжып жатқан күндерді тізген едім.
Жарым болып келеме деген сəтте,
Сағым болып барады қыз дегенің .

Жырым ғана емдейді жүрегімді,
Бүгін ғана сол жүрек күле білді.
Көңілімді билеген сол бір ару,
Өмірімді шешердей сүрерімді.

Түніменен ойланам сенбе теңім?!
Үніменен ерекше елде керім.
Жаны қалған аруда жүрегімді
Шыныменен мен кімге емдетемін…

Жалған базар

Күтесің нені, өмірдің жалған базары,
Деймісің əлде ажары қайда ғажабы?!
Жалған базарда ақындар ұзақ сүрмейді,
Мазары құм боп, тарихта қалар жазары.

Бағытың қайда? Бақытқа қалай барамыз?!
Атақпен мəнсап уланған оңай санамыз.
Əдебиет арлы жолама жарлы кейіппен,
Күйіктен олар кеудеңе салар жаралы із.

Өтермін бір күн, тарихқа оймен жүгірдім,
Өтерін білдім өмірді қой деп түңілдім.
Қаралар азған өсекке біраз іліндік,
Бабалар жазған өсиетке сосын үңілдім.

Біршама уақыт өзімді таппай сенделдім,
Ойменен шалқып келеме жырмен емделгің.
Дəмінен ащы татып ап жалған базардың,
Тоздырып табан Арқа шаһары мен келдім!

Махаббатым көктегенде гүлденемін,
Махаббатты жоқ дегенге күлген едім.
Іздегенде табылар шабыт деген,
Қыз дегенде шықпайды күнде өлеңім.

Сені күттім, келеріңді білген едім,
Сыйларым жоқ, сыйлыққа жыр беремін.
Әдеміге дәмелі өмірімнің,
Әлеміне нұр болып кірген едің.

Өмірдегі ең басты жүлдем едің,
Сен қабырғам, мен сенің іргең едім.
Сенім артып өзіңе жүрген едім,
Айтшы жаным, менімен бірге ме едің?!

Мен ғашықпын, көздеріңнен күн көремін,
Саған ғана жүрегімді шын беремін.
Болсам ғашық болайын, сүймейінші,
Мен шын сүйсем махаббатпен бірге өлемін.

Кітап-ғұмыр!

Сан мың тағдыр кітапхана сөрелері,
Аңыздар бар жаңасы, көнелері.
Жан баспаса қалайша шаң баспайды,
Кітап ол бір ұзтаздың төрелері.

Кітапхана сенен тек хәл тыныстар,
Көпшілікке емес ем жалпы құштар.
Мені өзіне еріксіз сүйреп келген,
Бұл мекенде ерекше тартылыс бар.

Тартылыс ол ару көрдім кіргенімде,
Жылу сыйлар жан жағына күлгенінде.
Ұрланумен ұзақ қарап отырдым мен,
Екі көзім иектегі бір меңінде.

Күлкісінде ерекше ерке күш бар,
Емес екен бұл ару ерге құштар.
Күніге кітапхана мекен болып,
Өтіп кетті қаншама келте қыстар.

Мен неге жақындауға жасқанамын,
Теріс кетіп қалардай басқан адым.
Қолдарыңнан қысып ап дегім келді,
Болашаққа барайық таста бәрін.

Жүрген еді жүректі жеңіп тек мұң,
Сол жүректі өзіңмен көрікті еттім.
Сен оқитын кітапты алдымдағы,
Кейіпкер боп ішіне еніп кеттім.

Филфак аруы

Ілінгендей тырнағына қасқырдың,
Тілім келмей атауына жас гүлдің.
Асық болып филфактың аруына,
Ғашық болып жүрегімді бастырдым.

Білегіңнің көрдім-дағы көрігін,
Жүрегіңнің жылуына ерідім.
Талып бекер ұйқыданда жерігіп,
Алып кетер деген ойлар сені кім.

Алыстардан ерекше бір күйді іздей,
Танысқанда басыңды да игізбей.
Білсең екен сері көбін өмірде,
Жүрсең екен саусағын да тигізбей.

Бұл аруым тәңір берген сый дедім,
Бір дәруім мен ерекше күйдемін.
Ақынға мін қоя берме жарқыным,
Сағынғаным, қызғанғаным- сүйгенім.

Жылатпадым мен өзіңді күн айым ,
Ұнатпадым бар аруды шынайым.
Жатқа сыншы аруларын қазақтың,
Сақтасыншы өмір бойы Құдайым.