ДИМАШТЫҢ ДЖЕКИ ЧАНМЕН КЕЗДЕСУІ (ВИДЕО)

Ақпан айының алтысы күні Джеки Чан мен қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің кездескені туралы хабарлаған болатынбыз. «Singer-2017» байқауының төртінші кезеңінде аталмыш видео көрсетілді. Онда Димаштың кездесуге бара жатқан сәті және кездесу барысы көрсетілген. Әнші әйгілі актермен қазақ тілінде пікір алмасып, оған қазақтың дәстүріне сай оқалы шапан жапты. Өз кезегінде Дижеки Чанда қарап қалмай, әншіге өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.