ДИМАШ ӘЛЕМ НАРЫҒЫН ЖАУЛАП АЛДЫ

Димаси немесе Димаш Құдайбергенов танымал қытайлық ойын-сауықтыру телеарналарының басты тақырыбына айналуда. Қытайлық жанкүйерлер арасында «Ханзада Ди» аталған Димаш «I Am a Singer»  жобасының сөзсіз фавориті ретінде бағаланып келеді. Осыдан бірнеше ай бұрын, қытайлық өнертанушылар мен сыншылардың сөзін негізге алып, Димаштың жобада екінші орын алатынын айтқан едік. Бүгін сол сөз расталды. Димаштың өнер көрсетуінде емес, мәселе жасында. 22-де ғана. Димаштың танымалдылығы қалай басталды? Ол туралы жазылған Qasym.kz-тің алғашқы эксклюзивін оқып, еске түсіріп көрейік… 

Димаш — жоба блокбастері

«Бірде француз, бірде ағылшын, бірде орыс, енді міне қытай тілінде ән шырқауы — бұл қытайлық жобада бұрын-сонды болмаған құбылыс. Өзге тілде сөйлеу бір басқа да, ал акцентсіз ән орындау және осылай шебер орындау — қазақ әншісінің бір қыры. Мен Димашты «Зингер» жобасының лингвистикалық генийі деп атағаным сондықтан»,- дейді қытайлық өнертанушы Пэн Джия-бин.

Димаш туралы

«Димаш «Зингер» жобасының қазынасы деп сөзсіз айтуға болады. Ата-анасы ғана емес, ата-әжесі музыканттар болғандықтан ба, оның орындау мәнері өте ерекше. Қытайда қытайша әнді — қытайдың өзі түсінбей жатады, бірақ оған қазақы реңк, қазақы вентиляциялық ырғақ қосылған соң тыңдаушыны еліте түседі. Біздің  іздеу жүйелерін қараңыз, Димаш — жобаның блокбастеріне айналды. Оның миллиондаған жанкүйерлері «Зингер» жобасын ТОП-та ұстап отыр»-деп жалғастырады өз ойын өнертанушы.

Витас vs Димаш

Димаш және Витас

Ал қытайлық әлеуметтік желілерде қызу талқыланған тағы бір тақырыптардың бірі — Витастың продюсері «Опера-2» әнін орындағаны үшін Димаш Құдайбергеновтың үстінен арыздануы. Яғни, продюсер Сергей Пудовкиннің жобаны ұйымдастырушы компанияға наразылық білдіруі. Пудовкиннің 4 беттен тұратын арызы қытай қолданушыларының ашуына тиді.

«Жолдас Пудовкин, сенің бұл не сасканың? Кезінде сен өзіңе қол жұмсамақ болғанда қытайлықтар саған қалай көмектескенін ұмытпа. Витас сенің бұл әрекетіңді қаншалықты қолдайды? Доғар, елдің күлкісіне қаласын»- деп қолданушылар пікір қалдырды Пудовкиннің әлемжелідегі парақшасына. Жалпы бұндай қысымнан кейін продюсер өз позициясын жұмсартуға тырысып бақты.

Ал кейбір қолданушылар Витас vs Димаш сауалнамасын жүргізе бастап, басымдылық Димашта болды.

Ханзада Дидің жанкүйерлері

Димаш Құдайбергенов жайлы қызығушылық басым болғаны соншалық «МенДи» хештегі арқылы Димашпен түскен суреттерін тарата бастады. Тіпті қытайлық Википедияда Димаш Құдайбергеновтің өмірбаяны жарияланды.

Ал бұл «ханзада Диге» деген жанкүйерлерінің ыстық ықыласы деп білдік.

Нұрлыхан Қалқаманұлы

«Қасым» порталы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.