Қарағандыда «Құмдауыт» кітабының тұсаукесері өтеді
Қараша айының 25 жұлдызында, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының төрінде жырдан шашу шашылады. Жұмабек Тәшеновтің 100 жылдығына орай өткізілген «Ұлтына қорған болған ұлы тұлға» жыр бәйгесінде «Жылдың үздік ақыны» аталған Жәлел Қуандықұлының «Құмдауыт» кітабының тұсауы кесіледі. Мерейлі кешке Серік Ақсұңқарұлы, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Қойлыбай Асанов, Сейіл Аяған және бір топ қарағандылық ақын, әншілер қатысады деп күтілуде.
Жәлел Қуандықұлы Шалқар – 1986 жылы 10 қаңтарда Қарақалпақстан автономиялық республикасы, Беруний ауданы, Алғабас өлкесінде туған. Қарағанды Мемлекеттік Университеті филилогия факультетін түлегі. Өлеңдері бірнеше ұжымдық жинақтарға енді. Мерзімді баспасөзде тұрақты жарияланып жүр. Республикалық жыр додаларының жүлдегері.