ҚАЗАҚ – ӨЗБЕК ҚАТЫНАСЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛЕДІ

Шавкат МирзияевОңтүстік көршіміз Өзбек елімен арадаға саяси-экономикалық тұрғыдағы әріптестігіміз нығая түспек. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстанға Ресми сапармен келеді. Ташкенттегі қазақстандық дипломатиялық қызметтің хабарлауынша, сапар барысында стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланады.

«Өткен жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында екі жақты қарым-қатынас белсенді дами бастады. Соған байланысты, шешілуі тиіс көптеген сұрақтар туындады. Осы орайда, екі мемлекет басшысының кездесуі өте өзекті болып отыр» , – делінген Өзбекстандағы Қазақстан елшілігіндегі дереккөз.
Қазақ-өзбек қатынасы осымен ғана шектеліп қалмайды. Жыл соңына дейін қорғаныс, экономика салалары бойынша екіжақты кездесулер ұйымдастырылмақ. Бұл Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримов тұсындағы салқындықты жойып, бауырлас елдердің татулығын арттыра түспек.

Дереккөз: Нұр.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.