Қостанайлық қойшы бір отар қойымен бірге өртеніп кетті

Қостанай облысында 1500-ге жуық бас қой қойшысымен бірге өртеніп кеткен.  Оқиға Жангелдин ауданының Көкалат ауылынан 30 шақырым жерде болған, — деп хабарлады 24.kz.

Алдын ала болжам бойынша өрт жай түскеннен тұтануы мүмкін. Қырылған мал «Айдос» жеке шаруашылығына тиесілі. Отарды оттан алып қалуға ұмтылған шопан да қызыл жалынның ортасында қалып қойған.

«Марқұм болған қойшының артында сегіз баласы қалды», – дейді жергілікті тұрғындар. Албарбөгет ауылдық округінің әкімі Дастан Абдуллиннің айтуынша, өрт салдарынан 1406 бас ұсақ мал шығын болған. Қазір апат орнында құзырлы орын өкілдері төтенше жағдайдың себеп салдарын анықтаумен айналысып жатыр. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.