Мақтанышым-Желтоқсан

12369963_1699026700311456_341271082_oҚазақ маңдайына ауыр жолмен біткен ұлы жеңіс – Тәуелсіздік. Талай тарлан басын қатерге тікті бұл жолда.Талай ұрыстарды бастан өткерді қазақ даласы осы күнге жету үшін. Тәуелсіздік жайлы сөз қозғалар болса бірден 86-желтоқсаны түседі еске. Себебі бұл-азаттық жолындағы соңғы әрі шешуші күрес. Желтоқсан оқиғасы қасиетті де қадірлі мереке. Алайда біз сол қасиетті тисінше құрметтейміз. Әлбетте,желтоқсан мүлде тойланбайды деп айтуға болмайды. Бірақ, солғындау екенін мойындауымыз керек.
Желтоқсан оқиғасымен бірге жылына бір қылт ете қалатын бір дүние бар. Ол Қайраттың ерлігі. Қоғамда «Қайрат Кеңес үкіметіне қарсы жалғыз щыққан жоқ, оның жақтастары болғаны анық, олай болса неге Қайрат жайлы ақпарат қаптап жүр дағы басқалар жайлы сөз қозғалмайды» — деген сауалдар бар. Әрине алаңға шыққан жастар көп. Бірақ, олардың ішінде ерекше көзге түскені осы Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбиралар. Жыл сайын Қайрат жайлы тың деректер іздеу белең алып келеді. «21» туралы деректер қазір барлығына мәлім.
Қайраттың қаза болуынан кейінгі Ақ үйдегі жағдайды білесіздерме? Білмесеңіздер біле жүріңіздер. Қайрат қамауға алынғаннан кейін Горбачев М.С. атына бірте-бірте хат келе бастаған. Хаттардағы негізгі мәселе Қайратты қамаудан босату. Уақыт өте келе хат келуін жиілеттсе керек.Бір қызығы хаттар Франция, ГДР, Польша, Америка елдеріндегі лауазымды тұлғалар тарапынан танытылған екен. Шет ел азаматтарының Қайратқа болысқаны мақтанарлық жағдай. Ал сол лауазымды тұлғалар ақын-жазушылар. Солардың сөзі сеп болды мә әлде халық қаһарынан қорықты ма кім білсін, әйтеуір билік Қайраттың мойынынан өлім жазасы алып тастады. Орынына 20 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ, бір саусағына ішіне бүге ұстаған екен. Көп ұзамай есіл ер белгісіз жағдайларға байланысты темір торда қаза болды.
Бүгінде: «Жел­тоқ­сан оқиғасы зерттеушілер тарапынан әлі жан-жақты сараланбаған» деген пікірлер де аракідік айтылып қалады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: «…Күнделікті күйбең­мен жү­ріп, 1986 жыл­ғы Желтоқсан оқи­­ғасының тарихи маңы­зын толық дәре­жеде бағалап үл­герген жоқпыз» деді.
Рас, жыл өткен сайын жа­сын­дай жалт еткен Жел­тоқ­сан жар­қылы уақыт қой­науы­на сіңіп, алыстап бара жа­тыр. Сайып келгенде ең қадірлі де қымбат мерекеміз осы екеніне дау жоқ. Қадірлі мерекемізге салғырттықпен қарап,ұмыта бастаған ұрпаққа жаның ашиды кейде…
«Жақсының жақсылығын айт,мерейі тасысын»-дейді дана халық.Осы жолда айта кететін жайт Қарағанды «Болашақ» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері №6 ЖББОМ барып «Мақтанышым-Желтоқсан» атты мерекелік конйерт қойып, мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің алғыстары мен ізгі ниеттерін арқалап қайтты. Мектеп оқушыларына ЖОО студенттерінің үлгісі іспетті бұл. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болып Тәуелсіздікті тойлай беруге жазсын.

Сұлтан ҚАЗИ
«Болашақ» Академиясы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.