Өзін-өзі өлтірген оқушы қыздың хаты табылды

Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданы Талдыапан ауылында тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салды, деп жазады «Мой город» басылымы.

Қайғылы оқиға 5 шілде күні болған. Қыз сол күні құрбыларының бәріне барып шығып, үйге келгесін асылып қалған. Қыз өзіне-өзі қол жұмсардан бұрын, хат жазып қалдырыпты. Хатында «қара адам — ажал» бұрыннан шақырып жүргені жазылған. 

«Өзім асылып қалмасам, жақындарымды алып кетеді. Тіпті қазір қасымда асықтырып тұр, сондықтан дұрыстап жаза алмай отырмын. Менің өліміме ешкімді айыптамаңдар», — делінген хатта.

Басылым атап өткендей, қыздан бөлек отбасында тағы бес бала бар. Өзі сабақты жақсы оқыған екен, 8 шілдеде достарымен бірге Астанаға ЭКСПО көрмесіне баруы тиіс болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.