Сауда орталығындағы өртке қатысты тұтқындалған әйелдің ұлы күтпеген мәлімдеме жасады

«Зимняя вишня» сауда орталығындағы өртке қатысты тұтқынға алынған Надежда Судденоктың ұлы Денис Медведев әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, анасын айыптамауды сұрады. Оның айтуынша, бұл апаттың орын алуына анасы емес бүкіл ел кінәлі екен. 

 «Адам, өздерің ойланып көріңдерші. Өрт қауіпсіздігіне мүлдем басқа адамдар жауап береді емес пе? Ал сіздер оларды көріп пе едіңіздер? Өрт қауіпсіздігін қадағалайтын мекеменің қызметкерелері бәріне қолын бірақ сілтейді. Оларға ақша болса болғаны. Біздің елде барлық адам үшін солай. Барлығы бас пайдасын ғана ойлайды. Әйтсе де бұл істе айыпты табу керек болды және өкілетті адамдар бар кінәні менің анама жаба салды. Ал ол болса бар болғаны сол мекеменің директорларының бірі ғана», — дейді Денис Медведев.  

Ол өз жазбасының қорытындысында апаттан қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.