ЖЕДЕЛ! «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Бүгін сағат 22:00-де 31 арнада режиссер Рүстем Әбдіраштың «Қазақ хандығы» көп сериалы тарихи кинодастанының тұсаукесері өтеді. Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Смағұл Елубай Тимур Жақсылықов және режиссер Рүстем Әбдірашпен бірігіп жазған. Ал негізі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімінен алынған.

Қазақ хандығы

Хикаяда қазақтардың көшпенді өмірі, ұрыстар мен шайқастар кеңінен көрініс тапқан. Тек бір ғана көштің өзіне 200-ден аса адам, 150 ат, 10 түйе және «Номад» каскадерлер тобының кәсіби каскадерлері қатыстырылған. Телехикая түсіріліміне ҚР Қорғаныс министрлігі өзінің атты әскерін ұсынған. Сондай-ақ романтикалық көріністер де өз орнын тапқан. 10 бөлімнен тұратын жобаның қаражатына келсек, бір бөлігі халық қаражатынан, енді бір бөлігі демеушілердің қаражатынан алынса, негізгі қаржы мемлекеттің өзінен бөлінген.
Ұлт тарихынан сыр шеретін туындыны жіберіп алмаңыздар!

«Қасым-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.